21 ақпан 2022 | 10:11

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды - Бас прокуратура

Дина Шарипханова Корреспондент
Мұрат Бектанов. Фото: ҚР ҚМ

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы, қызметтегі әрекетсіздік дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.

2022 жылдың 20 ақпанында осы қылмысты жасады деген күдікпен Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная