Бұрынғы полицей педофилияға күдікті ретінде қамауға алынды

Фото ©️ Турар Казангапов

Шығыс Қазақстанда бұрынғы полиция қызметкері кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанда бұрынғы полиция қызметкері кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне облыстық Полиция департаменті растады.

"Қылмысты Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері анықтады. Қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ведомство күдіктілердің бірі бұрынғы полицей екенін де растады.

"А.Ж. ішкі істер органдарынан теріс негіздерге байланысты жұмыстан босатылған", – деді ведомство өкілдері.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс Алтай ауданында бірнеше рет жасалғаны белгілі болды.

Зардап шеккендер – 16 жасқа толмаған жасөспірімдер, ал күдіктілердің жасы 29 және 35-те. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама