ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2022 | 13:28
Бұрынғы вице-министр Ерік Байжүнісовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
"2021 жылғы 15 желтоқсанда осы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын хабарлаймыз", - делінген тілшінің сауалына берген ресми жауапта.
Еске салайық, 2020 жылдың қыркүйегінде бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі, "Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы" ұлттық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Ерік Байжүнісовке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікке байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғаны хабарланған болатын.
Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-вице-министрге электрон бақылау білезігі тағылғанын хабарлады. Тергеу мүддесіне сәйкес істің басқа мәліметі жарияланбады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также