ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2020 | 12:02
Былтыр Қазақстанда 1000-нан аса жемқор сотталған
2019 жылы Қазақстанда 1 002 лауазымды тұлға жемқорлық үшін сотталған. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2019 жылы Қазақстанда 1 002 лауазымды тұлға жемқорлық үшін сотталған. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қылмыстық-құқықтық шаралардың қорытындысына тоқталайын. 1 717 жемқорлық қылмысы тіркелді. Олардың жартысынан көбі пара алу, пара беру деректері бойынша, 1 002 лауазымды тұлға сотталды. Былтыр 112 осындай қылмыс тоқтатылды. Келтірілген шығын - 24,6 миллиард теңге, оның 22,7 миллиарды қайтарылды", - деді Шпекбаев ведомствоның 2019 жылғы қорытындысы бойынша жиында.
Еске салайық, мұның алдында Шпекбаев жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтардың 10 миллион теңгеге дейін сыйақы алуы мүмкін екенін айтқан болатын. "Енді сыйақы мөлшері ЭЫДҰ елдеріндегідей белгіленеді. Жемқорлық жайлы хабарлаған адам айыптау үкімі шыққан соң параның 10 пайызын ала алады", - деген еді Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы.
Показать комментарии
Читайте также