БЖЗҚ төрағасының экс-орынбасары қамауға алынғаны белгілі болды

© Тұрар Қазанғапов

БЖЗ? т?ра?асыны? экс-орынбасары Дабыр Медетбеков ?амау?а алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? сотына сілтеме жасап. 

БЖЗҚ төрағасының экс-орынбасары Дабыр Медетбеков қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап. 

"Алмалы аудандық сотының қаулысымен "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дабыр Медетбековтың қамау мерзімі үш айға, яғни 2017 жылдың 8 мамырына дейін ұзарды", - деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылар. 

Ал осыған дейін Медетбеков ұсталғандардың тізімінде жоқ еді. Сондай-ақ, "БЖЗҚ" АҚ басқармасының экс-төрағасы Руслан Ерденаевтың, "БЖЗҚ" АҚ Қатерлерді басқару департаментінің Қаржы қатерлері басқармасының басшысы Мұса Бахтовтың, "АлатауМұнайАлтын" АҚ бақылау кеңесінің төрағасы әрі "Бузгул Аурум" ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевтың, "Бузгул Аурум" ЖШС директоры Азат Найзағариннің қамау мерзімі тағы бір айға, яғни 28 мамырға дейін ұзарғаны белгілі болды. 

Реклама
Реклама

Сотқа дейінгі тергеу органдары Руслан Ерденаев пен басқаларға мүлікке қатысты көрінеу ауыр қылмыс жасады деген күдік келтіріп отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама