ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қазан 2022 | 11:31
Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды - адвокат
Полиция қызметкері Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Мейірханның адвокаты Шымырбай Ағабеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полиция қызметкері Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Мейірханның адвокаты Шымырбай Ағабеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, биыл мамырда Түлкібас ауданы полициясының басшысы Данияр Мейірханның қызметінен уақытша босатылғаны белгілі болған. Оған аса ірі көлемдегі алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы) бойынша іс қозғалды. Кейін ол 40 миллион теңге кепілмен босатылды.
Адвокат Шымырбай Ағабековтің айтуынша, оның қорғауындағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтаған.
"Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс толығымен тоқтатылды. Яғни, ол ешқандай заңға қайшы әрекет жасамаған. Бастапқыда бұл істі қалалық полиция басқармасының ішкі қауіпсіздік басқармасы (ОҚБ) тергеген. Одан кейін іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарауына берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет біраз уақыт тергеп, кейін тоқтату туралы түпкілікті шешім қабылдады. Қала прокуроры бұл шешіммен келісті. Ол толық ақталды", - деді заңгер Шымырбай Ағабеков.
Tengrinews.kz тілшісі осы іске қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сауал жолдады.
Данияр Мейірхан 1981 жылы туған, ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері қызмет етіп келеді.
2020 жылдың наурызынан бері Түлкібас аудандық ішкі істер басқармасының бастығы. Бұған дейін ол Түркістан қалалық ІІБ бастығы қызметін атқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также