10 қаңтар 2023 | 17:15

Дәрігер Шумковты өлтірген күдікті 20 жылға сотталуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірді деп күдіктіге прокурор 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірді деп күдіктіге прокурор 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінгі отырыста прокурор 36 жастағы Тұрсынбаевты бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, оны 20 жылға бас бостандығынан айыруды және жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуін тағайындауды сұрады.

Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушы сотталушыны марқұмның отбасына материалдық және моральдық шығынды өтеуге міндеттеу қажет деп есептейді.

Реклама
Реклама

Сотталушы кісі өлтіргенін мойындады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа оқ тиіп, қаза болғаны хабарланған болатын. Аса ауыр қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болған. Ақпарат "102" пультіне сағат 8:59-да түскен.

Кейінірек Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталған болатын. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная