31 наурыз 2022 | 10:04

Delta Bank топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: 2gis.com

Қаржы мониторингі агенттігі Delta Bank АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы мониторингі агенттігі Delta Bank АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2012-2017 жылдар аралығында Тілеубаев Н.С. (Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері рейтингіне кіреді) несиелер беру арқылы банк қаражатын шығарғаны анықталды.

Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының жалпы құны 48 миллиард теңгеден асатын мүлкіне, 5 қант зауытына, 20-дан астам жер теліміне, 70 жылжымайтын мүлік нысанына және 40 көлікке бұғат қойылды. Бұған Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей Федерациясы, Латвия мен Чехиядағы активтер де кіреді", - деді ҚІЖК-нің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Көшербаева Салтанат.

Қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 миллиард теңгеден астам, 200 миллион АҚШ доллары және 4 миллион еуро. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданған, іс бойынша айыпталушылар қамауда.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная