"Денесі көгеріп, көйлегі жыртылған". Алматы полициясы зорлық туралы жазбадан кейін іс қозғады

Tengrinews.kz иллюстрациясы

Алматы полициясы әлеуметтік желідегі зорлық туралы жазбаға байланысты іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясы әлеуметтік желідегі зорлық туралы жазбаға байланысты іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram қолданушыларының бірі көйлегі жыртылып, соққыға жығылып, зорлық көрген қыз туралы айтқан. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қыздың ерні жараланып, денесі көгерген.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және оны Медеу аудандық полиция басқармасы тергейтінін хабарлады.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті анықталып, жауап алынды. Сонымен қатар, жәбірленуші де, күдікті де мас күйінде болғанын атап өткен жөн, бұл медициналық куәландыру арқылы анықталды", - деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама