Денис Тенді өлтірді деген күдікті сотта жылап жіберді

© Tengrinews.kz фотоколлажы

Денис Тенді өлтірді деген күдікті - Жамбыл облысы тумасы Нұралы Қиясов сотқа жеткізілді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмалы аудандық сотында оны қамауға алу санкция қаралды. Сот барысында 24 жастағы күдікті Нұралы Қиясов жылап жіберді. Сотта Нұралы Қиясовтың жұмыссыз екені айтылды. Орта білімі бар, үйленбеген, балалары жоқ. 2015 жылы автокөлік ұрлағаны үшін сотты болған. Алайда сот залынан босап шыққан. 

Сонымен қатар, екінші күдікті Арман Құдайбергенов та қамалды. 

Реклама
Реклама

Қазақстандық танымал адвокат Айман Омарованың айтуынша, автоұры делінген екі жігіт ұрлық пен тонау дерегін жасырғысы келген немесе қылмысын жеңілдеткісі келген. Ал бұл ауырлататын мән-жай болып саналады.

"Бастапқыда адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу деді. Ал меніңше, бұл қылмысты жасыру үшін адам өлтіру. Олар тонады немесе ұрлық жасады. Істің жағдайына байланысты. Бірақ тонау деп тұспалдаймын. Бұл 99-баптың 2-бөлігі, бұл айдан анық", - деді адвокат.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама