14 наурыз 2022 10:53

"Дикий Арман" мен оның тобының 14 мүшесі қамауда - Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасы бойынша 35 мыңға жуық жедел-тергеу әрекеті жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар оқиғасы бойынша 35 мыңға жуық жедел-тергеу әрекеті жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов Мәжілісте айтты. Оның сөзінше, барлық орган бойынша қамауға алынғандар саны - 766. 

Олар көбіне, 30 жасқа дейінгілер, жұмыссыздар мен жоғары білімі жоқ адамдар. Оның ішінде деструктив діни ағымның 19 өкілі бар. 27-сі тыйым салынған экстремистік ұйым өкілі, 24-і ұйымдасқан қылмыстық топ өкілі. 113 адам бұрын адам өлтіргені үшін, ұрлық жасағаны үшін сотталған. 

Реклама
Реклама

Мысалы, қамауда Жұмагелдиев, яғни "Дикий Арман" мен оның тобының 14 мүшесі бар.  

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 4 бағытты пысықтап жатыр.

Алматы қаласында ҰҚКД-ның алты қызметкері "Дикий Арман"қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматқа азаптаулар қолданды деген күдікке ілінді. Нәтижесінде, барлық жәбірленуші  дене жарақатын алып, бір адам қайтыс болды. Алматы облысы ҰҚКД-ның тағы екі қызметкері бұрын уақытша ұстау изоляторында ұсталған адамды ұрып-соғып, одан қайтыс болды деген күдікке ілінді.
Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram