Дикий Арманды қамау мерзімі ұзарды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты.

Еске салайық, бұған дейін "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша екі айға қамауға алынғаны хабарланған болатын. Кейінірек оның қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны белгілі болды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеген еді. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі Дикий Арман мен оның тобының 14 мүшесі қамауда екенін айтты. 

Ал 18 наурызда Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзарғаны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама