ПОДЕЛИТЬСЯ
06 сәуір 2023 | 13:32
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.
"6 сәуірде сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарын қарау кезінде қамауда ұстау мерзімін бір айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген сот хабарламасында.
Айта кетейік, Жұмагелдиев ұсталғаны туралы ақпарат 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық топпен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұсталды. Ұсталған кезде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат тапанша, оқ-дәрілер, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді.
ҚР ІІМ-нің алдын ала деректері бойынша, ол былтыр желтоқсанда шетелден келген және 5-6 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыда болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также