05 сәуір 2022 | 14:52

"Дикий Арманның" қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Ішкі істер министрлігінің видеосынан кадр / Tengrinews.kz

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты", - деді Жарылқасын.

Бас прокуратура мәліметінше, Жұмагелдиев мына баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:

Реклама
Реклама

- ҚК 287-бабы, 4-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру";
- ҚК 272-бабы, 2-бөлігі "Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу";
- ҚК 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармақшасы "Адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная