Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет басшысының орынбасары ұсталды - Ұлттық бюро

Антикоррупциялы? ?ызмет ?кілдері Дін істері ж?не азаматты? ?о?ам министрлігі комитетіні? басшысыны? орынбасарын сыбайлас жем?орлы??а ?атысты к?дікпен ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Антикоррупциялық қызмет өкілдері Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі комитетінің басшысының орынбасарын сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Астана бойынша департаментінің қызметкерлері ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам жөніндегі комитетінің төрағасының орынбасары Б.Мусинді ұстады, ол мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың мүддесін лоббилегені үшін жүйелі негізде пара алып отырған", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, Б.Мусин кәсіпкерден параның кезекті 400 мың теңге сомасындағы бөлігін алу үстінде ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Параның жалпы сомасы - 1,4 миллион теңге. Тергеу жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама