04 ақпан 2022 | 16:18

Директор жұмыстан босатылды: Павлодардағы кардиоорталықтан ақша жымқырылған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Павлодар облыстық кардиология орталығында бюджет қаражатын ұрлау дерегі анықталды. Ақша қымбат медициналық қондырғыларды іске қосуға бөлінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облыстық кардиология орталығында бюджет қаражатын ұрлау дерегі анықталды. Ақша қымбат медициналық қондырғыларды іске қосуға бөлінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодар облыстық кардиология орталығында құрал-жабдықтарды іске қосуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша соталды тергеу басталды", - деді Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіндегілер.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылы 24 қаңтардан бастап ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе иемдену" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

"Соталды тергеп-тексеруді тіркеуге "Павлодар облысы әкімінің аппараты" ММ-нің ішкі аудит қызметіне жүргізілген тексеру негіз болды. Тергеу жалғасып жатыр, басқа мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - деді департамент өкілдері.

Павлодарда жүрекке бірегей ота жасаған кардиология орталығының директоры жұмыстан қуылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram