Діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырған: 12 қазақстандық сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырған: 12 қазақстандық сотталды Фото:depositphotos.com

Діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырды және оған қатысы бар деген айыппен 12 қазақстандық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу барысында сотталғандар Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеп, сондай-ақ, жаңа адамдарды тартумен айналысқаны анықталды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оларды 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Жарнама
Жарнама

"Сотталғандардың көбі бұрын ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіргені, қарақшылық жасағаны, тонағаны, адам ұрлағаны және есірткі заттарын өткізгені үшін сотты болған", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама