ПОДЕЛИТЬСЯ
12 наурыз 2021 | 13:46
Дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам полицей болып шықты
Павлодарда полицей дүкенді тонап, қолына қару алып, супермаркеттің кассасындағы ақшаны ұрламақ болған. 22 жастағы күдікті Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкері болып шыққан. Ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда полицей дүкенді тонап, қолына қару алып, супермаркеттің кассасындағы ақшаны ұрламақ болған. 22 жастағы күдікті Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкері болып шыққан. Ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
5 наурызда Instagram-да медициналық маска тағып алған ер адам қолына қару алып, әйел адамнан кассадағы ақшаны беруді талап етіп жатқан видеосы тарады. Сатушы күдіктінің қоқан-лоқысынан қорықпай, құтылып шыққан.
Артынша полицейлер күдікті ұсталғанын, сол күні ол тағы бір дүкенді тонағанын айтты. Бұл жолы күдікті кассадан 120 мың теңге алып кеткен. Артынша ол ұсталған.
ҚР ІІМ Көліктегі Департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті полицей болып шыққан.
"Жасаған қылмысы үшін Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің кіші сержанты ұсталды. Ол ішкі істер органдарында бар болғаны бір жыл жұмыс істеді. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.
Ұсталған адам дүкен сатушысына қандай тапаншамен қоқан-лоқы көрсеткені әлі белгісіз. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс бойынша сараптама әлі аяқталған жоқ. Сонымен қатар, қарақшыны тойтарыс берген сатушы қыз журналистермен әңгімеде күдікті жауынгерлік тапанша ұстап тұрғанын айтты. Бұл туралы полицияға куәлік алған кезде хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также