ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қазан 2022 | 18:07
Екі қалада мефедрон сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Екі қалада мефедрон сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екі қалада мефедрон сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 қазанда "Бүркіт" жауынгерлері, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Көліктегі полиция департаменті Тергеу басқармасының қызметкерлері Астана мен Алматыда ұзақ уақыт бойы мефедрон психотроп заттарын дайындаумен және таратумен айналысқан қылмыстық топты ұстаған. Топта 4 адам болған.
Тексеру кезінде күдіктілердің психотроп заттарды Алматыдан Астанаға жеке тасымалдаушылар арқылы көліктердің қосалқы бөлшектеріне жасырып тасымалдағаны анықталған.
Алматыда көлік полицейлері гараж түріндегі жасырын зертхананы анықтаған. Онда психотроп зат дайындауға арналған 26-дан аса жабдық, есірткі дайындауға арналған 500 литр химиялық концентрат, сондай-ақ, 1 келіден аса дайын психотроп зат табылған.
"Қазір осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындады, олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Көліктегі ПД бастығы Оңал Бекиев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также