09 маусым 2020 | 11:16

Екі қылмыстық топ ұсталды: ҰҚК күдіктілерден бірнеше қару тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Алматы мен Алматы облысында операция жүргізіп, екі қылмыстық топты ұстады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Алматы мен Алматы облысында операция жүргізіп, екі қылмыстық топты ұстады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 мамырда ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп, Алматыда және Алматы облысында жүргізген арнайы операция нәтижесінде екі қарсы тұрушы ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен болатын.  

Реклама
Реклама

"Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту іс-шаралары барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрі мен 200-ден артық оқ-дәрілер алынды. Ұсталған топтарға қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде кінәсін мойындады", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, 2020 жылғы 1 маусымда Алматы облысының Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданында патрондары бар "Калашников" автоматы, "Сайга-410" қылмыстық кесінді карабині және келте аңшы мылтығы табылып алынды.  

Комитет мәліметінше, жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная