Екібастұз әкімінің орынбасары сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Екібастұз әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Екібастұз әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 6 маусымда Екібастұз қалалық соты Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке және оның қарамағындағы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары А.Садықов, сол бөлімнің бас маманы К.Түсіпбековке қатысты үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, олар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп айыпталған.

Реклама
Реклама

Сот үкімімен Бауыржан Ахметовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, ал Түсіпбеков пен Садықов тиісінше 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

Екібастұз қаласының әкімі А.А. Қаңтарбаевтың тікелей басшы ретіндегі жауапкершілігі туралы мәселе "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 60-бабының 2-тармағына сәйкес айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қаралатыны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама