16 наурыз 2022 | 08:38

Екібастұзда 7-сынып оқушысы аяусыз соққыға жығылған

Зардап шеккен баланың анасы жолдаған суреттер

Екібастұз тұрғыны өзінің ұлын - 7-сынып оқушысын аяусыз ұрып-соққандарға қатысты тергеудің қорытындысын күтіп жатыр. Оқиға наурыз айының басында № 6 мектеп-лицейінің аумағында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұз тұрғыны өзінің ұлын - 7-сынып оқушысын аяусыз ұрып-соққандарға қатысты тергеудің қорытындысын күтіп жатыр. Оқиға наурыз айының басында № 6 мектеп-лицейінің аумағында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, сынған мұрын, жеңіл дәрежедегі үсік шалу, ол бірден есінен танып қалған, аузынан көбік аққан. Оны футбол алаңында ұрып-соққан, ал маңайда ересектер болмаған. Онда камералар да жоқ. Оқиғаны 30-ға жуық оқушы бақылап тұрған, ешкім тоқтатпаған. Сыныптасы жедел жәрдем шақырған. Сол кезде ол жерде ес-түссіз жатқан. Оқушылардың бірі оны мектептегі самалдыққа жеткізген, сол жақтан ауруханаға жеткізілген", - деп жазды зардап шеккен баланың анасы Instagram-да.

Әйелдің айтуынша, оқиғадан бері екі аптаға жуық уақыт өткен, бірақ мектеп басшылығы әлі күнге дейін баланың жағдайын сұрап келмеген.

Реклама
Реклама

"9 наурызда ұлым ауруханадан шығарылды, мектептегілер әлі күнге дейін үнсіз. Қылмыстық іс қозғалды, бірақ мектеп директорынан қоңырау болған жоқ! Әлі күнге дейін баламның денсаулығын сұрап келген емес. Мұндай немкетті көзқарасқа таңғалып отырмыз. Келесі күні мектепке барғанымда тіпті маған мұғалімдер полицияға жүгіндің деп айыптай бастады", - деп ашуланды әйел.

Екібастұздың білім бөлімінде әйелдің шағымына жауап ретінде қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"№6 мектеп-лицейінің аумағында оқушылардың төбелес фактісі бойынша қазіргі уақытта алдын алу кеңесі өткізіліп жатыр. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мектеп басшылығы мен педагогтердің іс-әрекеттеріне баға беріледі", - деп хабарлады Екібастұз қаласының білім бөліміндегілер.

Полиция да бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шегушінің ата-анасы полицияға биылғы 2 наурызда жүгінген.

"Екібастұз тұрғыны кәмелетке толмаған балаға күш көрсету дерегі бойынша өтінішпен жүгінді, шабуыл салдарынан оның баласы жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек Екібастұз қаласының Полиция басқармасында тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған жәбірленуші емделіп жатыр. Емдеу аяқталғаннан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалады, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная