ПОДЕЛИТЬСЯ
23 ақпан 2021 | 14:21
Екібастұзда белгісіз біреу ер адамды атып өлтірді
Екібастұзда белгісіз біреу ер адамды адамдардың көзінше атып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екібастұзда белгісіз біреу ер адамды адамдардың көзінше атып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кісі өлтіру сәті бейнебақылау камераларын түсіп қалған. Оқиға болған жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Жаралы ер адамның денесі бүгін таңертең табылды. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видео пайда болды. Онда ер адам қоқыс тастап, қайтып бара жатқанда басқа біреу оған оқ атып, қашып кетеді. Ер адам құлайды. Біраз уақыттан кейін шабуылдаушы оралып, жерде жатқан адамды қайта атып кетеді.
"Ер адамға оқ атылды. Шамамен 50 жаста, қазақ. Трансформатордың жанында қылмыскер тұрды. 8:12-де оны күтіп тұрған. Ер адам қоқыс шығарып қайтып бара жатқанда атып тастады. Екі рет атты. Соңғысы - басына", - дейді видео сыртындағы әйел.
Оқиға орнын Павлодар облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлімшесі қоршап алды.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 1960 жылы туған ер адам бірден көз жұмған. Ол "Кегок" АҚ-да электромонтер болып жұмыс істегені хабарланды. Күдікті қара киімде болған, медициналық маска мен көзілдірік таққан.
Полиция департаменті оқиғаға әлі түсінік берген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также