19 шілде 2022 | 16:02

Екібастұзда "емші" жасөспірімнің алтын сырғасын алдап алған

Сұлу Бөлек Корреспондент
Көрнекі сурет: elements.envato.com

Екібастұзда "емші" жасөспірімнің алтын сырғасын алдап алып қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда "емші" жасөспірімнің алтын сырғасын алдап алып қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Екібастұз қаласы ПБ-на 39 жастағы қала тұрғыны жүгінген, ол 15 жастағы қызының алтын сырғасын ұрлап кеткенін айтқан. Полицейлер қаладағы сауда үйлерінің бірінде оқушы қыз өзін "экстрасенс" деп таныстырған әйелді кездестіргенін анықтаған. Бейтаныс әйел қыздан далаға шығуды өтінген. Содан соң ол қыздың анасына көз тигенін айтқан. Осыдан кейін алаяқ жасөспірімнің анасының басындағы қарғыстан құтылу үшін алтын бұйымдар қажет екенін айтып, оған көмектесетініне сендірген. Қыз келісіп, құлағындағы сырғасын шешіп берген.

"Сиқырлы" рәсім жасаған әйел жасөспірімге үйіне қайту керегін айтқан. Ал 80 мың теңгенің алтын сырғасы "емшінің" олжасына айналған.

Реклама
Реклама

Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері осыған ұқсас қылмыстарға бұрын тартылған Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын іздестіруге және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная