02 тамыз 2016 10:35

Екібастұзда қаржы пирамидасын құрған әйел зейнеткерлер мен мұғалімдерді алдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ulnovosti.ru © ulnovosti.ru

Екібастұзда 24 жастағы қыз қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық баспасөзге сілтеме жасап.


Екібастұзда 24 жастағы қыз қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық баспасөзге сілтеме жасап.

Оған "Аса iрi мөлшерде, бiрнеше рет жасалған алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды. "Сот Ғалия Арюстина айыпталушыны қылмысқа кінәлі деп тапты. Оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, мүлкі тәркіленеді және өмір бойына құмар ойындарды ұйымдастыру ісімен айналысуға тыйым салынды", - деді Екібастұз сотындағылар. Сотталушы жазасын жалпыға бірдей колонияда өткізетін болады.

Соттағылардың айтуынша, жарты жыл ішінде әйел адам 44 адамды алдап, 25 миллион теңгені қолды қылған. Жәбірленушілер қатарында Павлодар және Екібастұз тұрғындары. Қылмыстық іс материалдары бойынша, ол қаржы пирамидасын "Эврика" интернет-клуб жұмысының ұстанымына ұқсатып, тұрғындарға Түркиядағы ұяшықтарға сатып алуларға ақша салуды ұсынған. Салымшыларды сендіру үшін ол әртүрлі презентациялар ұйымдастырып, бірінші клиенттерге қомақты қаржы беріп отырған.

Клубқа салынатын қаржы 120 мыңнан миллион теңгеге дейін болған. Әйел өзінің салымшыларына салған соманы бес есе қайтарып алатынына уәде берген. Айта кетейік, осы қылмысты жасау барысында екібастұздық әйел жүктіліктің тоғызыншы айында болыпты. Жәбірленушілердің көбісі оған осыған байланысты сенім білдірген. Алданғандардың арасында Екібастұз қаласының наркология диспансерінің қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік мекеме қызметкерлері және зейнеткерлер болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети