ПОДЕЛИТЬСЯ
13 сәуір 2023 | 09:38
Екібастұздағы "Богатырь Көмір" ЖШС-де қылмыстық схема анықталды - ҚМА
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласындағы "Богатырь Көмір" ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұз қаласындағы "Богатырь Көмір" ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Автобаза директоры серіктестікте басшылық қызмет атқаратын басқа лауазым иелерімен жүйелі түрде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, 45,5 миллион теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді.
"Қылмыстық схема бойынша көлік құралдарының қосалқы бөлшектері есептен шығарылып, жаңасын алу және оларды орнатуды имитациялап, құжаттарға қол қойылған. Жаңа қосалқы бөлшектер болмағандықтан, арнайы техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұрған. Ал, күдіктілер жаңа қосалқы бөлшектерді сатып отырған. Ұсталғандардан ұрланған жүк көліктерінің қозғалтқыштары мен беріліс қораптары тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сот олардың кінәсін толық мойындауына байланысты "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.
Аталған факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также