Екі әйелді атып өлтірген атыраулық ер адам құрбандардың бірінің бұрынғы күйеуі болған - ІІД

© РИА Новости

Екі әйелді өлтіргеннен кейін өзіне қол жұмсаған атыраулық ер адам құрбандардың бірінің бұрынғы күйеуі болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 8 қыркүйекте, сағат шамамен 11.00-де "Авангард" ықшамауданында 40 жастағы ер адам 34 және 35 жастағы екі әйелді тапаншамен атып тастады. Кейін ол өзеннің жағасына барып, өзіне қол жұмсаған. "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Әзірше оның бұл әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Дегенмен, ер адамның екі әйелдің бірінің бұрынғы күйеуі екені анықталды. Полицейлер ер адамның Атыраудағы банктердің біріне инкассатор болып қызмет еткенін де хабарлады.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама