Екі жасар сәбиді ұрлап әкеткен бала күтуші Қарағанды облысында қамауға алынды

Екі жасар с?биді ?рлап ?кеткен бала к?туші ?ара?анды облысында ?амау?а алынды. Б?гін Теміртау ?алалы? соты 22 жаста?ы к?діктіге ?атысты шешім ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews­.­kz тілшісі.

Екі жасар сәбиді ұрлап әкеткен бала күтуші Қарағанды облысында қамауға алынды. Бүгін Теміртау қалалық соты 22 жастағы күдіктіге қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews­.­kz тілшісі.

"Теміртау қалалық соты бұлтартпау шарасы ретінде күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада бала күтушінің екі жасар сәбиді ұрлап кеткені жайлы хабарланған болатын. Айнұр есімді қыз сәбиді Теміртаудан Астанаға алып кеткен еді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол өзімен бірген сәбидің құжаттары мен туу туралы куәлігін, ата-анасының неке қию туралы құжатын алып кеткен.

Ведомстводағылардың мәліметінше, күдікті үстел үстіне хат қалдырып кеткен. Ол онда Викторияның ата-анасынан полицейлерге хабар бермеуін сұраған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша ("Адамды ұрлау")  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама