ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2019 | 16:54
Эльмира Суханбердиеваға қандай айып тағылды?
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға пара алғаны және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыптайды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға пара алғаны және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыптайды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық заң жобасы білім және ғылым вице-министріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы (лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану), 364-бабы (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) және 366-бабы (пара алу) бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Бастарова.
Ол соттың санкциясымен білім және ғылым вице-министріне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын атап өтті.
"Тергеу жалғасып жатыр, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді оның кінәлілік дәрежесін анықтаумен сот арқылы шығарылады", - деп толықтырды ол.
Білім вице-министрі және Ұлттық тестілеу орталығының басшысына қатысты іспен байланысты болуы мүмкін бе деген сұраққа Бастарова былай деп жауап берді: "қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюрода осы екі істің өзара байланысты екендігі туралы мәліметтер жоқ".
Вице-министр Эльмира Суханбердиева қамауға алынды
"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызын 2 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, мұның алдында Ұлттық бюроның білім және ғылым вице-министріне қатысты қылмыстық іс қозғағаны хабарланған болатын.
Эльмира Суханбердиева мұғалімдердің жалақысы және мектептегі ақша жинау мәселесі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"
Эльмира Суханбердиева 1971 жылы 26 қазанда Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Показать комментарии
Читайте также