13 тамыз 2020 | 13:01

Елімізде шекарадан есірткі алып өтпек болғандар ұсталды

Фото: Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстан шекарасынан есірткі алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан шекарасынан есірткі алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, тыйым салынған заттар Қонысбаев кеден бекетінде анықталған. Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын шетелдіктердің киімдерінен тапқан.

Реклама
Реклама

"Бірінші дерек осы жылдың 10 тамызында тіркелді. Өзбекстан азаматы еліне қайтып бара жатқан. Алайда ол кеден бекетінен өту кезінде күмәнді әрекеттер жасап, қызметкерлердің көзіне түскен. Ер адамның жеке заттары мен киімін тінту барысында белбеуіне бекітілген полиэтилен пакетіне оралған белгісіз зат табылды. Мамандар оның "қарасора бүршігі" екенін анықтаған.

Бір күннен кейін тыйым салынған заттардың өткізудің екінші жағдайы тіркелді. Дәл осы кеден бекеті арқылы Тәжікстаннан Литваға жол жүріп бара жатқан көлік жүргізушісінің қалтасынан күмәнді ұсақ пакет табылды. Оның ішінде жасыл түсті иісі бар зат болған. Алдын ала мәлімет бойынша бұл салмағы 3 грамм болатын гашиш есірткісі", - делінген хабарламада.

Бұл фактілер бойынша барлық материал құқық қорғау органдарына тергеу амалдарын жүргізу және сәйкес шешім шығару мақсатында жіберілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram