ПОДЕЛИТЬСЯ
29 мамыр 2021 | 14:00
Елорда тұрғыны қызын "ренжіткен" баланы бір ұрып ауруханаға түсірді
Нұр-Сұлтанда ер адам қызының бетіне ойнап жүріп доп кепкен 13 жастағы баланы бір ұрып ауруханаға түсірді. Ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Оны қалалық полиция растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда ер адам қызының бетіне ойнап жүріп доп кепкен 13 жастағы баланы бір ұрып ауруханаға түсірді. Ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Оны қалалық полиция растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, 28 мамырда сағат 21:35-те "102" арнасына Бараев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрғаны туралы қоңырау түскен.
"Осы дерек бойынша 36 жастағы қала тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Айтуынша, 10 жастағы қызы үйге мұрны қанап жүгіріп келіп, оған 13 жастағы бала аулада ойнап жүріп бетіне доп тепкенін айтқан. Осыдан кейін ол сыртқа шығып, қызын ренжіткен баланы бір ұрады, ол құлап, жиектасқа соғылады. Бала ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деді елорда ПД баспасөз қызметіндегілер.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті өкілдері ересектерге мұндай әрекеттер жасауға болмайтынын ескертті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың құқықтарын бұзғаны және олардың денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также