ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2020 | 10:21
Елорда тұрғыны мемлекетке 1,3 миллиард теңге қарыз болып қалған
Нұр-Сұлтанда кәсіпорындардың бірінің директоры 1,3 миллиард теңгеден аса салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды. Бұл туралы Қазақстанның қаржы мониторингі комитетіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іспен Экономикалық тергеу департаментінің Нұр-Сұлтан бойынша мамандары айналысқаны айтылады. "Атырауоблтяжстрой" ЖШС аса ірі мөлшерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған деген күдікке ілінген.
Салық тексеру актісі бойынша, кәсіпорын үш жыл ішінде 1,3 миллиард теңгеден аса сомаға салық төлеуден жалтарған.
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық № 2 сотының үкімімен Қазақстан Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кәсіпорын директоры елордалық коммерциялық ұйымдарда үш жыл бойы басшы лауазымын атқару құқығынан айыра отырып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также