12 маусым 2022 | 14:56

Елорда тұрғыны полицейге қарақшыны ұстауға көмектесті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтан тұрғыны полицейге қарақшыны ұстауға көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан тұрғыны полицейге қарақшыны ұстауға көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция мәліметінше, Ғабдулин көшесінде ер адам 61 жастағы әйелге шабуыл жасап, әмиянын тартып алған. Куәгер 37 жастағы елорда тұрғыны Қанағат Хасенов болған. Ол жәбірленуші тоналғанын бірден түсінген. Сөйтіп, ол қарақшыға қарай жүгірген.

"Әйелдің көмек сұраған айқайын естідім. Артқа бұрылып қарасам, Отырар көшесіне қарай жүгіріп бара жатқан адамды көрсетіп тұр екен. Бірден қарақшының соңынан жүгірдім", - деді Қанағат.

Реклама
Реклама

Ол қуып жетіп, ер адамды жерге құлатқан. Алайда шабуылдаушы қарсы тұрған.

Бұл уақытта "Байқоңыр" ауданының учаскелік полиция инспекторы Руслан Әбілқайыров өзінің әкімшілік учаскесін аралап жүрген. Көшедегі төбелес оның назарын аударған, осылайша ол жанжалға араласқан. Сөйтіп, полицей күдіктіні ұстаған.

Қазір күдікті Нұр-Сұлтан ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында күдікті жәбірленушіні бақылап, кейін әйелдің айырбастау пунктінде ақша ауыстырғанын көргені анықталған. Сондай-ақ, 31 жастағы ер адамның бұрын сотталғаны белгілі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная