10 қаңтар 2020 10:51

Елордада алаяқ әйел балаларды алдап, үй тонаған

© pixabay.com

Павлодар облысының тұрғыны Нұр-Сұлтанда балаларды алдап, пәтер тонаумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының тұрғыны Нұр-Сұлтанда балаларды алдап, пәтер тонаумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

50 жастағы әйелдің баласы бар пәтерлерді арнайы іздегені айтылады. Сосын ол есігін қағып, ата-анасының досымын танысым деп танысып, құнды заттарды ұрлаған.

Реклама
Реклама


Қалалық ПД баспасөз қызметі таратқан сурет

"8 қаңтарда Нұр-Сұлтан қалалық департаменті қызметкерлері соттылығы бар күдіктіні ұстады. Әйел осыған ұқсас ұрлық қылмысымен бірнеше рет ұсталған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Полицейлер күдіктінің алаяқтығынан зардап шеккен тұрғындарды  8 (7172) 71-60-28, 71-60-69, 102 телефоны арқылы хабарласуды сұрады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram