Елордада автобустағы қалта ұрыларының әрекеті видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Полиция қызметкерлері қалта ұрыларын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып

Полиция қызметкерлері қалта ұрыларын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып

Тәртіп сақшылары үш күдіктіні ізін суытпай ұстады. Олар - жастар, ең үлкені 23 жастағы қыз, ал кішісі 20 жаста.

"Ұсталғандар - Қарағандының тұрғындары, бұрын бірнеше рет сотталған. Олар елордаға оңай пайда табу үшін келді. Елордада бір күнде қалта ұрлығының төрт дерегі дәлелденді. Олар әмияндар мен ұялы телефондар ұрлаған. Ұрылар жолаушысы көп автобустарды немесе адам көп автобус аялдамаларын таңдады. Көпшіліктің ішіне кіріп, күрте қалтасы мен сөмкелерге түскен", - деді полиция қызметкері.

Реклама
Реклама

Ұсталғандар кінәсін мойындады. Қылмыстық Кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тергеу жүргізіліп, олардың басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама