16 қазан 2021 12:57

Елордада бойжеткен аялдама мен автокөліктердің әйнегін шақты

Қыз ұсталған сәт

Елордада көлік пен аялдаманың әйнегін шаққан қыз ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада көлік пен аялдаманың әйнегін шаққан қыз ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, сағат 22.11-де ПД жедел басқару орталығына Бөгенбай батыр даңғылы бойында белгісіз біреу аялдаманың және жақын маңда тұрған көліктердің әйнегін сындырып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Патрульдік полиция қызметкерлері Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Қыз аялдаманың әйнегін кірпішпен сындырғаны анықталды, содан кейін Toyota Corolla мен Nissan маркалы көліктердің артқы әйнегін шаққан.

Реклама
Реклама

Аталған дерек бойынша "Бұзақылық" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

"Ұсталған қыз қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны және бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін сот алды тергеу басталды. Шығын сомасы есептеліп жатыр", - деді "Байқоңыр" ауданы ПБ басшысының орынбасары Дархан Сайранбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram