ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қазан 2019 | 09:10
Елордада ер адам мас күйде әйелі мен баласына оқ атқан
Нұр-Сұлтанда отбасылық жанжал атыспен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда отбасылық жанжал атыспен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция өкілдеріне 55 жастағы елордалық тұрғынға және 5 жасар балаға оқ атылғаны туралы хабар 20 қазанда сағат 22:19-да түскен.
"Отбасылық жанжал барысында 59 жастағы ер адам мас күйде болып әйелі мен басқа некеден туған баласын жарақаттаған. Әйел адам алған жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тауып, 5 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - делінген хабарламада.
Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Показать комментарии
Читайте также