Елордада жағалауда велосипедпен жүрген жалаңаш ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда ер адам жалаңаш жағалауда велосипед тепкен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда ер адам жалаңаш жағалауда велосипед тепкен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға таңертең ерте шамамен сағат 7.14-те болған. Оқиға орнына патрульдік полицейлер барды, велосипедші мас болған. Ер адам ұсталды. Киімнен аяқ киімі ғана болған. 

"42 жастағы тәртіп бұзушының айтуынша, ол түнде құрбысымен бірге су жағасында ішімдік ішкен. Кейін ер адам салқындаймын деп өзенге түскен. Ал судан шыққанда киімі болмаған. Танысы оның заттарын алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Сөйтіп өзі кездесуге келген көліктің артынан велосипед алып, Бараев көшесіне үйіне бар жатқан. Ұсталған ер адам мас күйде болғандықтан көлікке отырмағанын айтты", - деді елордалық полиция департаментіндегілер.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері екі бап бойынша әкімшілік іс қозғады - қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін және басқаларды сыйламай қоғамдық тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасағаны үшін.

Сот шешімімен ер адам қамауға алынып, айыппұл салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама