Елордада жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасалды

Камила Долаева Журналист
© Elorda aqparat мұрағатынан

Полицейлер жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"21 тамызда сағат 03.20 шамасында жедел жәрдем бригадасы кезекті шақыртуға бара жатып, жолда жатқан адамды байқаған. Дәрігерлер дереу көмек көрсетпек болғанда, ер адам оларға бас салған. Өзін агрессивті түрде ұстап, жүргізушіні бірнеше рет ұрып жіберген. Сондай-ақ, дәрігерлер бригадасына шабуыл жасамақ болып, жедел жәрдем көлігіне зақым келтірген", - делінген департаменттің хабарламасында.

Шұғыл түрде жеткен полиция жасағы ер адамды ұстап, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Реклама
Реклама

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 28 жастағы азамат мас күйде болған. Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама