Елордада жоғалып кеткен бармен өлі табылды

Камила Долаева Журналист
© instagram

Нұр-Сұлтан ПД қызметкерлері 6 қыркүйекте жоғалып кеткен 24 жастағы Әнуар Байзуровтың мәйітін тапты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан ПД қызметкерлері 6 қыркүйекте жоғалып кеткен 24 жастағы Әнуар Байзуровтың мәйітін тапты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 қыркүйекте сағат 13.30-да Қарқаралы тас жолының бойындағы Қосшы ауылына жақын жерде Әнуар Байзуровтың денесі табылған. Оны туыстары растады.

"6 қыркүйекте үйден шығып, қайтып оралмаған Ә. Т. Байзуровтың орналасқан жерін анықтау үшін полиция департаментінің жеке құрамы жұмылған болатын. Мәйітті тексеру барысында зорлық-зомбылықтың белгілері болған жоқ. Өлімнің себебі - тыныс алу жолдарының асфиксиясы деген болжам бар. Аталған дерек бойынша қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Соталды тергеу ҚР ҚК 105-бабы "өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша жүргізіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама