23 сәуір 2021 | 16:52

Елордадағы LRT ісі: үкім қашан шығатыны белгілі болды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сот Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы кезіндегі ақша жымқыру ісі бойынша үкімді қашан жариялайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сот Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы кезіндегі ақша жымқыру ісі бойынша үкімді қашан жариялайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Судья Қазақстан астанасындағы LRT ісі бойынша үкімді 28 сәуірде түстен кейін жариялайды", - деді Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Елордада LRT салу кезіндегі ақша жымқыру ісі бойынша сот 2020 жылдың қазанында басталған. Бұған дейін жеті адамға айып тағылғаны хабарланған еді. Олардың арасында елорданың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, Нұр-Сұлтан мәслихатының бұрынғы депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов, Astana Innovations АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім, сондай-ақ түрлі кәсіпорынның қызметкерлері Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов бар.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная