01 наурыз 2022 08:57

Елордадағы шетелдік таксистер айыппұл арқалап, елден шығарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Елордада шетелдіктер заңсыз такси қызметін ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада шетелдіктер заңсыз такси қызметін ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақын шет елдерден келген 21 жүргізуші ұсталған. Олардың жолаушыларды тасымалдауға рұқсаты болмаса да, "Яндекс" және Uber қызметтерін пайдаланған.

Олар ҚР ӘҚБтК-нің "Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу" 463-бабын бұзғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Реклама
Реклама

Сот қаулылары бойынша 8 жүргізуші Қазақстан Республикасынан шығарылып, 13 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы "Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон және жұмысқа орналастыру саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы" бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автокөліктер коммуналды тұраққа қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram