27 мамыр 2019 | 13:11

Елордалық полицейлер интернет-алаяқты ұстады

Otyrar.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордалық полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық жасағаны үшін 22 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол спорттық ұтыстарды бірнеше мөлшерде ұтып алуды сылтауратып, Іnstagram әлеуметтік желісінде жалған парақшалар ашқан. Парақша көңіл жадырататындай болу үшін ақшалай купюралар және ұтыстар бейнеленген әсерлі суреттерді орналастырған, кепіл ретінде жеке куәліктің суретін пайдаланған.

Реклама
Реклама

Инстаграмда хат алмасу барысында ұсталушы киви-әмиянға аударуға көндіріп, ірі ұтысты уәде еткен. Шын мәнінде ешқандай ұтыс қоймаған, ал ақшаны өз қалауынша жұмсаған.

"Қазіргі уақытта ұсталушыға қатысты ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) 3 эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Алайда, жәбірленушілер одан да көп болуы мүмкін. Aigul_serkozhaeva, serkozhaeva_aigul, serkozha­_aigul, aigul_serkozha жалған аккаунттарға тап болғандарға және №8-708-655-89-01, №8-747-679-59-15, №8-708-913-79-63 киви-әмияндарға ақша аударғандарға 8(7172) 71-63-35, 71-62-91 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында. 

Нұр-Сұлтан ПД интернет-қолданушыларға мұқият болуды, алаяқтардың айласына түсіп қалмауды ескертеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная