ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2019 | 17:57
Елордалық полицейлер интернет-алаяқтық деректері жиілегенін мәлімдеді
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті интернет-алаяқтық деректерінің жиілеп кеткені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Солардың ішіндегі кеңінен таралғандардың бірі - жылжымайтын мүлік пен автокөліктерге байланысты жасалатын қылмыстар.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті интернет-алаяқтық деректерінің жиілеп кеткені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Солардың ішіндегі кеңінен таралғандардың бірі - жылжымайтын мүлік пен автокөліктерге байланысты жасалатын қылмыстар.
"Алаяқтар пәтер және автокөліктер сату бойынша жарнамалар сайтына кіріп, байланыс телефондарға қоңырау шалып, мүлік сатып алуға ниет білдіретінін және кепілдікке алдын ала ақша беретіні туралы хабарласыып, келіскендей болады. Әбден сенімге кіріп, сатушының төлем карточкасын "интернет-банкинг" қызметіне қосылуын өтінеді. Бұл жүйемен жұмыс істеп көрмеген азаматтарды алдап, ақшалай қаражат бар шоттар бойынша түгелдей мәліметтерді сұрап алады", - дейді полицейлер.
Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне интернет-алаяқтық фактісі жөнінде қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Белгісіз біреу оның жарты миллион теңгесін иемденіп, алдап кеткен. Өз үйін сатуға қойған әйел мәліметтерді алаяқтарға өзі жіберіп, ақшасынан айырылған. Қазіргі таңда осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД интернет-пайдаланушыларына қырағылық танытып, интернет-алаяқтарының құрығына түсіп қалмауды ұсынады. Алаяқтардың айла-шарғысына түсіп қалмау үшін: Белгісіз адамдарға күмән туғызатын ақша аударымдар жүргізбеу; Несие алу үшін қаржы ұйымдарына ғана жүгіну; кез келген тауарды сатып алу кезінде әртүрлі ракурстың фотосуретін алу немесе тауардың бар-жоғын растау үшін бейне-қоңырауды жүзеге асыру; өз анкеталық мәліметтерін, карта нөмірі мен паролін бермеу қажет.
Интернет пайдаланушыларға сақ болуды, интернет-алаяқтарының айла-шарғысына түсіп қалмауды ескертеді.
Показать комментарии
Читайте также