ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2021 | 13:17
Елордалық үш тұрғын Ақмола облысында құлдықта болған
Елордалық үш ер адамды Ақмола облысындағы ЖШС-ға алдап әкеліп, жалақысыз жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығы орынбасары Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елордалық үш ер адамды Ақмола облысындағы ЖШС-ға алдап әкеліп, жалақысыз жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығы орынбасары Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ақмола облысында Нұр-Сұлтаннан алаяқтық жолмен әкелініп, қыркүйек айының басынан бері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде еңбек етіп жүрген үш адамды заңсыз ұстау дерегі анықталды. Олар егістіктен жиналған картопты сұрыптаумен айналысқан. Күніне 8 мың мен 10 мың теңге арасында төлеуге уәде берген, бірақ жалақы төленбеген. Жәбірленушілер түнде контейнерлерде қонып, тәулігіне 12-13 сағат жұмыс істеген. Үйлеріне қайтқысы келгенде, қорқытып, заңсыз ұстаған", - деді Нұрмағамбетов брифингте.
Оның айтуынша, қазір бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 128-бабы "Адам саудасы" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Полиция қызметкерлері екі ай бойы азаматтарды күш көрсетіп, қорқытып ұстаған Ақтөбе облысының тұрғыны, 50 жастағы шаруа қожалығының иесін анықтап, полицияға жеткізді", - деді Қанат Нұрмағамбетов.
Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Криминалдық полиция басқармасы бастығы орынбасары жәбірленушілерге тиісті әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты.
"Бірнеше күн бұрын "Стоп трафик" атты жедел және алдын алу шарасы өткізілді. Операция барысында полицейлер адам саудасына қатысты 70-тен аса қылмысты ашты. Оның ішінде бас бостандығынан айыру дерегі, адам саудасының үш дерегі, кәмелетке толмағандарды сату бойынша 7 дерек, жезөкшелікпен айналысуға қатысты 16 дерек, оның ішінде кәмелетке толмағандардың үш дерегі анықталды. Жезөкшелікпен айналысуға байланысты және сатып алу үшін үй-жайларды ұйымдастыру мен ұстаудың 47 дерегі анықталды", - деді Нұрмағамбетов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также