16 сәуір 2018 10:55

Емшектегі баланы әбден қорлаған әйелдің видеосы - Полицейлер пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облыстық ІІД өкілдері әйелдің емшектегі баланы қорлаған сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облыстық ІІД өкілдері әйелдің емшектегі баланы қорлаған сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында Желіде әйелдің сәбиді қорлаған сәті түсірілген видео пайда болған еді. Видеоролик сипаттамасында оқиға Қостанайда болды делінеді. 

ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті жоққа шығарды. "Бұл видеоны көрдік, оқиғаның бізде болмағанын сеніммен айта аламыз", - деп хабарлады полицейлер.

Әлеуметтік желілерде бұл оқиғаның Мәскеуде болғаны да айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети