Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының басшысы пара алғанын мойындады

© ncgtpz.kz

Е?бек гигиенасы ж?не к?сіби аурулар ?лтты? орталы?ыны? басшысы ?анат С?киев пара ал?анын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? ?ара?анды облысы бойынша департаментіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының басшысы Қанат Сәкиев пара алғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жемқорлық заңбұзушылық анықталды, оның нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлға әшкере болды. Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының басшысы Қ. Сәкиев "Денсаулық" ҚР денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында дәрі-дәрмектерді жеткізіп беруге сатып алулар бойынша келісімшартқа кедергісіз қол қою арқылы жеке кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алған", - делінген хабарламада.

Сәкиев өз кінәсін толықтай мойындап отыр екен. Осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама