11 мамыр 2020 | 15:37

Еңбек министрінің ағасы үй қамауына алынды. Тимуржан Нұрымбетов туралы не белгілі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бауыры Тимуржан Нұрымбетовке қатысты қылмыстық істің мән-жайы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бауыры Тимуржан Нұрымбетовке қатысты қылмыстық істің мән-жайы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының прокуратурасы Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында 2019 жылдың 26 желтоқсанында Антикоррупция қызметінің ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2,4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бастағанын айтты.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Нұрымбетов үй қамауында.

"Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты Нұрымбетовке қатысты бұлтарпау шарасы ретінде үй қамауына алу туралы өтінішті қанағаттандырды", - деді Бас прокуратурадағылар.

Ведомство мәіметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялауға болмайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тимуржан Нұрымбетовтің министр Біржан Нұрымбетовтың туған бауыры екенін растады. Тимуржан Нұрымбетов 1966 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер-технолог.

2013 жылы Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметінде болған. 2019 жылдың ақпанынан бастап Тимуржан Нұрымбетов Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная