Жамбыл облысында келін енесіне білдіртпей оның атына несие рәсімдегені үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот отырысы барысында 2025 жылғы қарашада сотталушы өз атына несие рәсімдей алмай, белгісіз адамнан қайын енесінің хабардар екеніне сендіріп, оның атына несие рәсімдеуді сұраған. Сотталушы қайын енесінің телефонын алып, растау кодын хабарлап, алдап енесінің бет-әлпетін онлайн тексеруден өткен.
Келіні 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, оның басым бөлігін өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Енесі өзінің атында несие бар екенін ай сайынғы төлемдер туралы хабарлама келе бастағанда бір-ақ білген.
Сотта келіннің кінәсі дәлелденді. Ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Соған қарамастан, прокурор оны бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Алайда сот кінәсін мойындау, өкіну және жас балаларының болуы сияқты жеңілдетілген мән-жайларды ескере отырып, сотталушыға бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
"Қылмыстық содекстің 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену" 1000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - деп түсіндірді сот.
Сондай-ақ сот енесінің 1,5 миллион теңге көлеміндегі материалдық залалды өтеу туралы азаматтық талап арызын толығымен қанағаттандырыды.