Ер адам Біріккен Араб Әмірліктеріне заңсыз түрде жеті ителгіні алып кетпекші болған

Сурет ҚР ҰҚК шекара қызметі баспасөз қызметінен

Біріккен Араб ?мірліктеріне Алматы ?уежайы ар?ылы жеті ителгі с???арды алып ?тпекші бол?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ?Р ??К шекара ?ызметі баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Біріккен Араб Әмірліктеріне Алматы әуежайы арқылы жеті ителгі сұңқарды алып өтпекші болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК шекара қызметі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 2018 жылы 23 қыркүйекте Алматы - Шардж халықаралық рейсіне құжаттарды дайындау кезінде болған. Шекарашылар Қазақстан Республикасының 1981 жылғы азаматынан қар түсті сөмкені тәркілеген, онда қорапқа салынған құстар табылған. 

Реклама
Реклама

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Ителгілер "Сұңқар" ЖШС соұңқарлар орталығына тапсырылды. 


Суреттер ҚР ҰҚК шекара қызметі баспасөз қызметінен

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама